Лейшманиоз (Leish Ab)

Лейшманиоз (Leish Ab)

3 420 ₸

Толық нұсқау qbqvet.ru сайтында

Сипаттама

QBQVET Leish Ab — ит қанының сарысуындағы немесе плазмасындағы лейшманияға қарсы антиденелерді анықтайтын жедел тест. Жинақта кассета, буфер және бір реттік пипетка бар; істеу керегі — сынаманы енгізу, буфер қосу және 10 минут күту. Кассета бөлме температурасында жұмыс істейді, оқуға бөлек аспап қажет емес. Бір тест — бір жануар.

Мақсаты

Тест иттердегі Leishmania-ға қарсы антиденелерді анықтайды. Оны ұзақ арықтап, терісі зақымданып, лимфа түйіндері ұлғайған жануарды тексергенде, оңтүстік өңірлерден және шетелден келген иттерді кіріс бақылауынан өткізгенде, сондай-ақ ем алған малды қайта қарағанда қолданады.

Ауру туралы

Иттің лейшманиозын Leishmania туысындағы қарапайымдылар тудырады, оларды Phlebotomus туысының ұсақ қансорғыш москиттері тасымалдайды. Ауру баяу дамиды: шағудан алғашқы белгіге дейін бірнеше айдан бірнеше жылға дейін өтуі мүмкін, сол себепті ие адам сапармен байланысты байқамай қалады. Висцеральды түрінің әдеттегі көрінісі — тәбеті сақталса да біртіндеп арықтау, көз айналасы мен тұмсықтағы қабыршақтану мен түк түсу, жазылмайтын жаралар, шектен тыс өскен тырнақтар, мұрыннан қан кету, лимфа түйіндері мен көкбауырдың ұлғаюы; уақыт өте бүйрек зақымданады және көбіне жануарды бүйрек жеткіліксіздігі әкетеді. Қазақстанда висцеральды лейшманиоз ошақтары елдің оңтүстігінде белгілі, оған Жерорта теңізі мен Орталық Азиядан оралған иттердегі әкелінген жағдайлар қосылады. Бұл — зооноз: сол қоздырғыш адам үшін де қауіпті, сондықтан оң нәтиже иесіне москиттен қорғану шараларын түсіндіруге негіз болады.

Қолдану нұсқаулығы

Материал: қан сарысуы немесе плазмасы.
1. Қан алып, сарысу не плазма бөліп алыңыз; 2–8 °C-та сынама 3 тәулікке дейін, одан ұзақ болса −20 °C-та сақталады.
2. Кассетаны қою алдында қаптамадан шығарып, оны да, сынаманы да бөлме температурасына жеткізіңіз.
3. Жинақтағы пипеткамен сынаманы үлгі терезесіне (S) енгізіңіз.
4. Сол терезеге буфер қосыңыз; сынама мен буфердің тамшы санын серияның қосымша парағынан қараңыз.
5. Кассетаны көлденең ұстап, нәтижені 10 минуттан кейін бағалаңыз.
Оқу: C және T жолақтары — антиденелер табылды, T солғын болса да оң нәтиже. Тек C — антиденелер табылмады. C жолағы жоқ — тест жарамсыз, жаңа кассетамен қайталаңыз.
Ескерту: 10 минуттан кейін жолақтар бағаланбайды. Тест сапалық, титр көрсетпейді. Инвазияның ерте кезеңінде антидене әлі болмауы мүмкін, ал эндемиялық аймақтағы итте, керісінше, клиникасыз кездеседі — серооңдық ауру дегенді білдірмейді. Емнен кейін антиденелер айлап сақталады, сондықтан бір тест бойынша ем тиімділігін бағаламайды. Растау — сандық ИФА, ПТР немесе пунктат цитологиясы.

Сақтау және қолдану жадынамасы →

WhatsApp